«Қазақстанға экспорттық миссия осы жылғы сәуірде жіберіледі. Биыл біз Германияға, Ауғанстанға, Пәкістанға экспорттық миссия ұйымдастырдық. Соңғы миссияның қатысушылары Пәкістаннан оралды және біз осы сапардан оң нәтиже күтіп отырмыз», - деді Р. Мамедов.
AZPROMO басшысының айтуынша, мұндай миссиялар РФ-ға. АҚШ-қа, Катар мен Қытайға да жіберіледі.
Еске салсақ, 2016 жылғы қарашадан бастап Әзербайжан экспорт көлемін ұлғайту мақсатында түрлі елдерге экспорттық миссия ұйымдастыруды бастаған. Ол көкөніс, жемістер, минералдық су, жеміс шырындары, шарап, бал, шай өндіру салаларын қамтиды.