«2018 жылдың соңына дейін Қазақстанға шарап экспорттауды бастамақшымыз. Сондай-ақ, Балтық маңы елдеріне, Украина және Беларусьқа экспортты кеңейту жоспарда бар. Олар Әзербайжан шарабын өткізу үшін әлеуетті ірі нарық болып табылады», - деді Э. Мадатов.
Э. Мадатовтың айтуынша, шарапты өндіретін және экспорттайтын компаниялар жаңа технологияларды ұдайы сатып алуда. Алдағы екі айда Әзербайжанда шарап өндіретін жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланып жатыр.
Айта кетейік, 2018-2025 жылдары Шарап өндірісін дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бұл ел 2025 жылға дейін экспортты бес есеге арттыруды жоспарлауда.