Әзербайжан кедені 500 кг героинді тәркіледі

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан кеден қызметінің қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті.

Мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астаринск кеден басқармасының бекетінде Ираннан Бельгияға Әзербайжан арқылы өтпек болған Volvo жүк көлігі тоқтатылды.

Беларусь азаматы басқарған автомобильді тінту кезінде 500 келі героин тәркіленді.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.