Жылдағыдай Наурызды мерекелеуге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы Мехрибан Әлиева қатысты.
Ичеришехер (Әзербайжан астанасындағы тарихи-архитектуралық нысандар орналасқан көне аудан) қорғаны қабырғалары мен алаңдары ежелгі тарихты бейнелейтін қалқан мен қылыш асынған әскермен безендірілді.
Қорқыт ата Наурыз мерекесі әзербайжан халқына бақыт пен молшылық әкелсін деген ақ батасын берді.
Алаңда балалар ұлттық би билеп, ән шырқап, өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мерекесі туризм және спорт министрлігі, «Әзербайжан телерадио хабар тарату» ЖАҚ ұйымдастыруымен Баку қаласы атқарушы биліктің ұлттық саябағында концерттік бағдарламамен жалғасты.
Қала тұрғындары мен ел астанасының қонақтары танымал өнер шеберлерінің орындауында әндер тыңдап, мың бұралған бишілердің тамаша өнерлерін тамашалады.
Мерекелік шара отшашумен аяқталды.