Ведомствоның деректеріне сүйенсек, Армениямен шекаралас Товуз, Гедабек, Казақ аудандарында орналасқан Әзербайжан әскерлеріне, сондай-ақ Таулы Қарабахта әскерлер қақтығысқан желіде атыс ұйымдастырылған.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, соңғы күндері Таулы Қарабах қақтығысы аймағында жағдайдың шиеленісуіне байланысты 13 әскери адам қайтыс болған.
Алайда, бұл ақпаратқа қатысты Армяния тарабының өз нұсқасы бар.
Бұдан бұрын Ереванда хабарлағандай, Армения Қорғаныс министрлігі атысты тоқтату келісімін бұзғаны үшін Азербайжанды айыптаған болатын. Өткен түні және бүгін таңертең Азербайжан тарабы Армениямен мемлекеттік шекарадағы түрлі учаскелерде атысты тоқтату режімін қайта бұзды», - деп жазылған ведомство мәлімдемесінде. Сонымен қатар, онда: «Армения тарабы қарсы тарап қасақана оқ жаудыртқан жағдайда ғана әрекетке барады», деп көрсетілген.