НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы Әзербайжан мәдени орталығы Арыс қаласының зардап шеккен 500 тұрғынын түскі аспен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігінің Facebook парақшасында жария етілген видео материалда адамдардың арнайы контейнерлерге тамақ салып дайындап жатқаны бейнеленген.
«Шымкент қаласындағы Әзербайжан мәдени орталығы атынан бүгін Арыста зардап шегіп, мектептерге орналастырған 500 тұрғынын түскі аспен қамтамасыз ететін болады», - деп жазылған видео материалдың аңдатпасында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.