Видади Салахов 1957 жылы 31 желтоқсанда өмірге келген. Воронеж мемлекеттік университетінде білім алған. Әр уақытта Целиноград №23 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болған. Сонымен қатар, «Призів», «Азамат» және «Таймс» газеттерінің тілшісі қызметін атқарған. 2004 жылдан бері «Тұран-экспресс» газетінің бас редакторы болып еңбек еткен.
11:51, 15 Қазан 2018
Әзербайжан мәдени орталықтары одағының басшысы өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР-дағы Әзербайжан мәдени орталықтары одағының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Тұран-экспресс» газетінің бас редакторы Видади Салахов өмірден өтті. Аталмыш ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне ҚХА баспасөз қызметі растады.