АЗЕРТАДЖ мәліметінше, тараптар транзиттік жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Тұрақты сауда ағынын қамтамасыз ету, маңыздылығы жылдан жылға артып келе жатқан жоба - Орта дәліз аясында жүйелі байланыстар орнату, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері сияқты тақырыптар басты назарда болды.
Айта кетейік, осы жылдың жеті айында Баку порты арқылы Қазақстан порттарынан жүк тасымалдау көлемі 15 пайызға өсті.