Белгілі болғандай, 23 сәуір күні Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрі Ван И мен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Жейһун Байрамов “Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы кәдімгі паспорт иелерін өзара визадан босату туралы келісімге” қол қойды.
Айта кетейік, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазіргі уақытта мемлекеттік сапармен Қытайда жүр.
Сондай-ақ, сәрсенбі күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Ильхам Әлиев Бейжіңде кездесіп, Қытай – Әзербайжан қатынасын «жан-жақты стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтеретінін мәлімдеді.
Бұған дейін Әзербайжанның Қытаймен қорғаныс саласы бойынша диалогты бастағаны туралы жазып едік.