Әзербайжан мұнайы арзандады

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Аугуста портындағы CIF негізіндегі Azeri Light маркалы Әзербайжан мұнайының бағасы 9 шілдеде алдыңғы көрсеткішке қарағанда 1,4 АҚШ долларға төмендеп, барреліне 88,89 долларды құрады, деп хабарлайды Trend .

Фото: :Midjourney

Түркияның Джейхан портындағы FOB базасында Azeri Light бағасы 1,4 долларға төмендеп, барреліне 87,47 долларды құрады.

ITALS сұрыпты мұнай бағасы алдыңғы көрсеткіштен 1,62 долларға төмендеп, барреліне 72,74 долларға бағалануда. Солтүстік теңізде өндірілген Dated Brent эталондық мұнай сұрыпының бағасы 9 шілдеде алдыңғы көрсеткіштен 1,63 долларға төмендеп, барреліне 86,1 долларға саудалануда.

10 шілдедегі ресми курс 1,7 AZN/1 USD құрайды.