Әзербайжан өкілдері Құрылтай сайлауын бақылауға қатысады

АСТАНА.KAZINFORM — Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов 23 тамызда өтетін Қазақстан Ұлттық Құрылтайы мүшелерінің сайлауын халықаралық бақылауға қатысады.

Коллаж: Kazinform/ЖИ

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) миссиясының құрамында ұйымның Бас хатшысы Рамиль Хасан және Оңтүстік Кавказды зерттеу орталығының басшысы Фархад Мамедов сайлауды бақылайды.

Әзербайжан Милли Мәжілісінің (Парламент) мүшесі Гюльшан Пашаева ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының құрамында бақылауға қатысады.

Халықаралық бақылаушылар дауыс беруге дайындық пен өткізуді өздерінің өкілдік ұйымдарының мандаттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес бағалайды.

ҚР Ұлттық Құрылтайы мүшелерінің сайлауы 23 тамызға жоспарланған. Халықаралық ұйымдардың, парламенттік ассамблеялардың өкілдері және тәуелсіз бақылаушылар сайлау процесін бақылауға қатысады.

Бұған дейін Құрылтай сайлауын 10 мың қоғамдық байқаушы бақылайтыны хабарланған.