Әзербайжан Премьер-министрі Қазақ хандығының 550-жылдығымен құттықтады

None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде Әзербайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Исабаевтың Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі А. Расизадемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, күллі әлемде экономикалық белсенділіктің төмендеуін ескеріп, екіжақты тауар айналымының күрт төмендеуіне жол бермеуге уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ қазақстандық-әзербайжандық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысына баса назар аударылды. Тараптар өткізілуі Бакуде 2012 жылғы қарашаның соңына жоспарланған кезекті 12-ші отырыстың күн тәртібін талқылады.

Өз кезегінде, Әзербайжанның Премьер-министрі А.Расизаде Қазақстан халқын 2015 жылғы 11 қыркүйектегі Астанада өткен түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің V саммитін өткізумен тұспа-тұс келген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтады. Еске сала кетсек, Саммит жұмысына Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев қатысқан болатын.

Кездесу соңында елші Исабаев ӘР Премьер-министріне Астанада өтетін ЭКСПО 2107 көрмесіне қатысатындығына орай алғыс айтып, ӘР ұлттық павильоны халықты көптеп тартатынына сенімін білдірді.