Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Астанаға келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен мәлім етті. 

Фото: АЗЕРТАДЖ

Бұған дейін хабарланғанындай, 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.