АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Ақорда мәлім еткендей, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген болатын. Ол екі ел арасындағы саяси диалогтің жоғары деңгейі, көлік-логистика мен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жұмыс пен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы бастамалардың болашағы жайында айтып берді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.