Дархан Қыдырәлі Әзербайжан басшысын Халықаралық түркі академиясының жұмысымен таныстырып, ұйымның алдағы жоспарлары мен міндеттері жайлы әңгімеледі. Илхам Әлиев Академияның іске асырып жатқан жобаларының маңыздылығын атап көрсетті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ильхам Әлиев Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге «Достлуг» («Достық») орденін табыс етті.
фото: trend.az