Әзербайжан президенттігіне сайлауға түсуге ниет білдірушілер саны 15 адамға жетті. Кazinform бұл туралы Trend-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов 23 желтоқсан күні өткен отырыста мәлім еткендей, 7 адамның кандидатурасы бекітілді. Тағы 8 үміткерді бекіту мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске салайық, 7 желтоқсан күні президент Ильхам Әлиев Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлау 7 ақпанға белгіленді.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.