Автожорық 2024 жылғы 28 сәуір мен 8 мамыр аралығына жоспарланған.
Ұзақтығы — 11 күн және 2500 шақырым.
Автожарыс бағыты мынадай: Баку — Губа — Әзербайжанның Ресеймен шекарасы — Дербент — Махачкала — Астрахань — Ресейдің Қазақстанмен шекарасы — Атырау — Бейнеу — Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасы — Нүкіс — Хиуа.
Халықаралық автожарыс аясында Баку, Махачкала мен Нүкісте халықаралық үш конференция өтеді деп жоспарланған.
Мұндай іс-шаралар автожол ісін зерттеу, тас жолдардың құрылысы, жобалау мен пайдалануға берілу жолдарын таныту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мен жалпы ТМД халықтарының серіктестігі мен достығын нығайтуға бағытталған.
Қатысушыларға түрлі сыйлықтар, медальдар мен марапаттар табысталады.