Бұл туралы ӘҰҒА вице-президенті Иса Габиббейли айтып берді.
Оның айтуынша, деректер қорына шетелде жұмыс жасап жатқан ғалымның өмірбаянымен оның ғылыми еңбектері туралы ақпарат енгізіледі.
«Деректер қоры арқылы біз әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген әзербайжандық ғалымдарымызбен байланысып тұрамыз. Осы арқылы біз ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз. Сондай-ақ, олар Әзербайжан ғылыми мекемелерінің шетелдегі гранттық бағдарламаларға қатысуына жәрдемін тигізеді», - деді Иса Габиббейли.