АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасы Президентінің тиісті тапсырмасына сәйкес, Сириядағы гуманитарлық проблемаларды жоюға көмектесу үшін 30 желтоқсанда Бакуден әртүрлі азық-түлік өнімдерінен тұратын 10 жүк көлігі жөнелтілді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.
Фото: АЗЕРТАДЖ
Агенттіктің хабарлауынша, жалпы салмағы шамамен 200 тонна болатын гуманитарлық көмек Грузия мен Түркия аумақтары арқылы Түркия-Сирия шекарасындағы «Чобанбей» бақылау-өткізу пунктіне жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Фото: АЗЕРТАДЖ
Бұл көмекті Түркияның Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) қолдауымен Сирия Араб Республикасының Идлиб қаласында тарату жоспарланған.
Гуманитарлық көмек колоннасын жөнелту рәсіміне Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.