«Бүгін тағы бір кітаптың таныстырылымы болды. Оның авторы Әзербайжан Президентінің көмекшісі, профессор Әли Ғасанов. Бұл еңбектің біздің елдеріміз үшін маңыздылығы мен мәнін айтып өткім келеді. Кітаптың болашақ аймақтанушылар мен геосаясат, геоэкономикамен айналысатын мамандар үшін таптырмас көмекші құрал болатыны сөзсіз. Оқулықта Әзербайжанның соңғы 20 жылдағы саяси және экономикалық стратегиялары ашық жазылған», - деді Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов.
Елшінің айтуынша, желтоқсан айының бірінші он күндігінен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әзербайжан мәдениетімен таныстыратын Қазақстандағы үшінші орталық ашылады. Онда жас мамандар мен ғалымдар аталған ел туралы ақпараттармен қазақ тілінде танысу мүмкіндігіне ие болмақ.