Әзербайжан, Түркия, Ирак, Татарстан... #Абай175 челенджі Еуразия кеңістігіне кең тарап келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасының географиясы кеңіп, Еуразия кеңістігінде кең тарап жатыр. Мәселен, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазова ханым бұл эстафетаны қабыл алып, ары қарай Қырым, Саха еліне жолдады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Ұлы Абайдың 175жылдығына орай басталған жыр эстафетасын #TWESCO-ның президенті Darhan Qydyráliмырзаdan қабылдап алдым. Енді эстафетаны Саха елінің ақын қызы НатальяХарлампьеваға, қырымдық Зера Бекироваға және өзіміздің Ekber Qoşalı-ғажолдаймын. Ұлы Абайдың 175 жылдығы кұттыболсын!!!» делінген хабарламада.


Еске сала кетсек,Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі белгілі манасшы,қырғызстандық Рысбай Исаковқа, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазоваға,Еуразия жазушылар одағының төрағасы, түркиялық Yakup Ömeroğlu және белгіліабайтанушы ғалым Garifolla Yessim мырзаларға жолдағанболатын.

Аида Эйвазоваданбөлек бұл эстафетаға түркиялық Yakup Ömeroğlu та үн қатты. «Еуразия жазушылар одағының»төрағасы Якуб Өмероғлу өз парақшасында Абайдың өлеңін оқыған видеосын жариялады.

«Түркіакадемиясының президенті, құрметті профессор Дархан Қыдырәлі қазақтың ұлыақыны, ойшыл Абай Құнанбайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны жолдады. Мен деТатарстанның халық жазушысы Ркаил Зайдуллаға, Ирактың Бауырластық журналыныңбас редакторы, профессор, доктор Мехмет Өмір Казанджыге және ПамуккалеУниверситетінің факультет деканы, профессор, доктор Нергіс Бірайға эстафетамдыжолдаймын» деп жазды ол өз постында.

Соңғы жаңалықтар