Бұл туралы бүгін журналисттерге Әзербайжан президенті жанындағы әлеуметтік инновациялар және тұрғындарға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік агенттігінің төрағасы Инам Керимов мәлімдеді.
«Әзербайжанға келу үшін шетелдік азаматтар, туристтер «ASAN viza» порталының қызметіне жүгіне алады. Виза алу үшін мемлекеттік құрылымдарға өтініш жазу міндетті емес. Оны онлайн-режимде 3 күн ішінде алуға болады» - деді И.Керимов.
Оның сөзіне қарағанда, ӘР СІМ азаматтарына электрондық визалар берілетін елдердің тізімін бекітеді.
«Бұл жаңа бастама алдағы айда қолданыла бастайды», - деді И.Керимов.
Мемлекеттік агенттіктің басшысы визаларды алудың өзге жолдары да бұрынғы күшінде екенін айтты.
22:28, 02 Маусым 2016
Әзербайжан визаларды 3 күн ішінде беретін болады
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Алиевтің «ASAN Viza» құру туралы жарлығына сәйкес, алдағы уақытта визаларды алу біріңғай портал арқылы жүзеге асады.