Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб таратқан хабарламада коронавирус пандемиясының әдемде таралуына қарсы күресте түрлі елдердің тәжірибесі назарға алынғаны айтылған.
Әзербайжан Республикасының «Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, Әзербайжан Республикасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында 24 наурыз 00:00-ден 20 сәуір 00:00-ге дейін карантин режимі жарияланды.