Әзербайжанда 5,1 магнитудасымен жер сілкінді

Фото: Фото: pexels.com

БАКУ. KAZINFORM – Әзербайжанда жер сілкінісі болды. Бұл туралы аталған елдің Республикалық сейсмология орталығына сілтеме жасап Тrend.az жазды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 22.05-те тіркелген. Магнитудасы – 5,1.

ТАСС-тың хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Баку қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 шақырым жерде (1,1 млн халық тұрады) орналасты. Тереңдігі – 10 км.