БАКУ. ҚазАқпарат – Баку мемлекеттік университеті түркология кафедрасының доценті, Абай Құнанбаев атындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығының жетекшісі, ф.ғ.к. Фатима Дурсунова Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырды. Ол Абайдың 19-шы қара сөзін оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Абай шығармасынан үзінді оқыған ғалым Фатима Дурсунова эстафетаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа және университеттіңпрофессорлық-оқытушылық құрамына жолдады.
Айта кетейік, Баку университеті жанындағықазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Автор: Бекбау Тайманов
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.