Бір қарағанда сүйек ұсақ динозаврдың қаңқасына ұқсайды. Алайда, оның қандай жануар екендігін ешкім дөп басып айта алмай отыр. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, мұндай жағдай бұл маңда бұрын-соңды болмаған.
Белгісіз жануардың сүйектерін ауыл тұрғыны Мурвет Гулиев тастардың арасынан тауып алған. Тұрғындардың айтуынша, тиін, егеуқұйрық және тышқан сынды кеміргіштер бұл маңда көптеп кездеседі, алайда табылған жануардың сүйегі олардың ешқайсысына ұқсамайтын болып шықты. Оның тістері мен тырнақтары бұл маңдағы барлық сүтқоректілерден өзгеше.
Ауыл тұрғындары табылған жануардың қаңқасын зерттеу және оның қайдан шыққандығын анықтау үшін тиісті орындарға тапсыруды жоспарлап отыр.