1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны 10 271 638 адамды құрады.
Агенттік мәліметінше ел халқының 54,3 пайызы қалаларда, ал 45,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
Ерлер халықтың 49,8 пайызын, ал әйелдер 50,2 пайызын құрайды.
Өткен жылмен салыстырғанда некеге тұру көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 4,7-ден 3,6-ға дейін, ал ажырасу көрсеткіші 2-ден 1,9-ға дейін төмендеді. Осы кезеңде Әзербайжанда 15 107 неке және 8 087 ажырасу тіркелді.
Бұған дейін Әзербайжанда жасанды интеллектінің өңірлік орталығы құрылатыны хабарланған.