Ыстанбұл - Баку рейсімен ұшып келген Әзербайжан азаматы ел аумағына көп мөлшердегі алмаз өнімін заңсыз алып кірмек болған. Тексеру барысында ер адамның аяқ киімінен түрлі өлшемдегі 11 жаһұт тас табылған.
Сот сараптама орталығының қорытындысына орай, табылған тастар жалпы салмағы 185,12 карат болатын бриллианттар екені анықталды.
Осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр.