Осыған байланысты ел үкіметінің 2 сәуірдегі қаулысында аталып өтілген барлық шаралар 4 мамырға дейін созылады. Атап айтқанда, жүк тасымалын қоспағанда Әзербайжан аумағына барлық көлік түрлері үшін кіруге және шығуға шектеу қойылып, барлық білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатылды.
Келесі аптадан бастап тұрғындарға ұзартылған карантин режимінен кезең-кезеңімен шығу жоспары ұсынылады.
Авторы: Бекбау Тайманов