Әзербайжанда карантиндік режим ұзартылды
23:20, 22 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадов тиісті қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, ел аумағындағы ерекше карантиндік режимнің мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтар, сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.
Атап өтілгендей, бұл шешім «ел аумағында коронавирус (COVID-19) инфекциясының таралуының және оның туындатуы мүмкін салдарының алдын алу мақсатында» қабылданған.
Айта кетелік Түркияда аусылдың таралуына байланысты Ылғындағы мал базары жабылып, карантин енгізілген еді.