Әзербайжанда Каспийдің мұнаймен ластану фактісі анықталды

Фото: Фото: trend.az
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан мемлекеттік экологиялық қауіпсіздік қызметінің және Каспий кешенді экологиялық мониторинг басқармасының қызметкерлері Хазар ауданы Шувалан кентіндегі теңіздің мұнаймен ластануына байланысты шағымды зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, бұл мәліметті мемлекеттік экологиялық қауіпсіздік қызметін берген.
Оның ресми өкілі Бахруз Мұхаммедов шағым бойынша іс жүргізу барысында жағалау сызығынан 200 метр қашықтықта, сондай-ақ теңіз бетінде жартасты жерлерде мұнай дақтары анықталғанын хабарлады.
«Ластанған аумақта теңіз суының тиісті үлгілері мен құрлықтан үлгілер алынды. Қазіргі уақытта зерттеулер жалғасуда», - делінген хабарламада.