Көрмеге ҚР Ұлттық орталық музейінің қорындағы 69 этнографиялық жәдігер қойылған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің, Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, Әзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Мәдениет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
– Бес тақырыптық бөлімнен тұратын көрмеге 69 этнографиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында күнделікті тұрмыс пен шаруашылыққа арналған бұйымдар, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, киіз басу және тоқымашылық өнерінің үлгілері, дәстүрлі киімдер мен ұлттық әшекейлер бар, – делінген министрлік хабарламасында.
Көрмеге қойылған жәдігерлер қазақ халқының дәстүрлі тұрмысын, қолөнерін және ұлттық мәдениетін таныстырады.
Айта кетейік, бұған дейін Берлинде Қазақстан киносы күндері өтіп, неміс көрермендеріне «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» фильмдері ұсынылған болатын.