Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 433 сынып онлайн оқып жатыр, ал бұған дейін қашықтан білім беруге өткен 72 сынып дәстүрлі оқуын қайта жалғастырды.
«Қазіргі уақытқа дейін 1 595 108 оқушының 3 477-і және 229 871 мұғалім мен мектептің техникалық қызметкерінің 2 494-і (1%) COVID-19 жұқтырып алды», - делінген хабарламада.
Әзербайжанның білім министрлігі осы жағдайға байланысты ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына екпе салдыртуға шақырды.
Министрлік жасөспірімдерді вакциналау Баку сауықтыру орталығында ата-аналардың рұқсатымен ғана жүргізіліп жатқанын еске салды.
Еске салайық, Әзербайжанда 22 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптарға, 29 қыркүйектен бастап 5-11 сыныптарға дәстүрлі оқу басталды.
Білім мекемелерінде жұмыс істейтіндердің 80%-дан астамы COVID-19-ға қарсы толық вакцина алған.