Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының республикалық сейсмологиялық орталығынан хабарлағандай, жер сілкінісі Баку уақытымен Загаталы маңында 22:26 кезінде орын алды. Жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 6 балды құрады. Оның ошағы 12 шақырым тереңдікте орналасқан. Адам шығын жоқ, алайда аудандағы бірнеше ескі үйлер зақымданды.
13:20, 30 Маусым 2014
Әзербайжанда күшті жер сілкінісінен үйлер қирап қалды
БАКУ. ҚазАқпарат - Жексенбі кешке Әзербайжанның солтүстік-батысында Загаталы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 шақырымда күшті жер сілкінісі болды.