Әзербайжанда түйнеме дертін жұқтыру көзі іздестірілуде

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанның Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі Сабирабадта екі адамның түйнеме дертіне шалдығу дерегі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәлім еткендей, Денсаулықсақтау министрлігінің Сабирабад ауданы бойынша Гигиена және эпидемиологияорталығынан 25 шілде күні орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінеауданның тұрғындары Гейдаров Малик Алыш оглу мен Гафаров Тофиг Гейбат оглу келіптүскені туралы хабарлама келген. Түйнемеге шалдығу күдігі бойынша пациенттердіңталдауы Имишлин аудандық обаға қарсы стансаға жіберілді. Дереу агенттікмамандарынан тұратын зерттеу тобы құрылды. Олар кідірмей оқиға орнына жетті.

Топ ақпаратты талдап, анамнез жасап, науқастарғатиесілі шаруа учаскелерінде және мал өсірілетін жерлерде клиникалық зерттеужүргізді. Үй жануарлары жұқпаның көзі болмағаны анықталды.

Сондай-ақ, агенттік қызметкерлері науқастардыңбірінің ағасына тиесілі мал сою бекетін тексерді. Сәйкес үлгілері алынып,азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің зертханасына жіберілді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, малөсірумен айналысатын шаруашылықтан түйнемеге шалдығу дерегі анықталмаған.

Қазіргі таңда агенттік мамандарыжұқтыру көзін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар