Әзербайжанның Сайлау кодексіне сәйкес дауыс беру күні мен оның алдындағы күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
Әзербайжан орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға орай үгіт науқаны 3-і басталып, 25 қыркүйекте сағат 08.00-де аяқталды.
Еске салсақ, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев 2016 жылғы 26 қыркүйекте ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы өкімге қол қойған болатын.