Телеарнаның мәліметінше, Әзербайжанда үйде дайындалған өнімдердің сапасы мен оларды сату талаптарын реттейтін жаңа жүйе әзірленіп жатыр.
Әзербайжанның Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің хабарлауынша, алдымен үйде және отбасылық кәсіпте дайындап, кейін сатуға болатын өнімдердің тізімі анықталады.
Мұндай өнімдерді дайындау, сақтау, тасымалдау және сату тәртібіне қойылатын талаптар белгіленеді. Сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттар енгізіледі.
Жаңа талаптар өңірлердегі базар саудагерлерін де алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, үйде дайындалған өнімдерді сату — күнкөрістің негізгі көзі. Сондықтан қосымша шектеу енгізіле ме деген қауіп бар.
Агенттік жаңа тәртіп бір жағынан өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан оларды сатуға ортақ әрі заңды талаптар қалыптастыратынын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанның халал сертификаты Қатарда ресми танылғаны хабарланған болатын.
Ақзат Жиеналина