Әзербайжанда зейнеткерлік жасты ұлғайту туралы құжат бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Әзербайжан парламенті (Милли Меджлис) «Еңбек зейнетақысымен қамсызданру туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекітті. Заңға сәйкес, «еңбек зейнетақысының негізгі бөлігі» деген түсінік пен қажетті зейнетақыны белгілейтін 12 жылдық жұмыс өтілі жойылып, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлікке шығу мерзімі 65 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Trend хабарлады. 

Әзербайжанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Идрис Исаев заңдағы түзетулер жобасын ұсына отырып, ер кісілердің зейнетке шығу мерзімі 63-тен 65 жасқа дейін, ал әйелдердікі 60-тан 65 жасқа дейін кезеңімен ұлғаятынын тілге тиек етті.

Парламенттегі еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің басшысы Хады Раджабли атап өткендей, өзгерістерге сәйкес, полицейлер мен әскери қызметкерлерді қоспағанда барлық кәсіп иелерінің зейнетке шығуы үшін міндетті жұмыс өтілі де өседі. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілі 15 жылдан 20 жылға дейін өссе, прокурорлар үшін 25-тен 35 жылға дейін жоғарылаған. Басқа мамандық иелерінің де жұмыс өтіліне сәйкесінше бес жылдан қосылған.