Әзербайжанда жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өседі
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Әзербайжанда әлеуметтік қолдау күшейтіледі, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Президент Ильхам Әлиев қол қойған жаңа Жарлыққа сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Әзербайжанда шейіт отбасыларына, мүгедектігі бар адамдарға, бес және одан да көп баласы бар әйелдерге, аз қамтылған отбасыларға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақылар мен зейнетақылар мөлшері ұлғайтылды. Бұл — 2018 жылдан бері жүзеге асып жатқан әлеуметтік реформалардың бесінші топтамасы.
Әзербайжан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Президенттің ай сайынғы зейнетақысы:
Шейіттер, 20 қаңтар оқиғасы құрбандары және Ауғанстанда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына – 700 манат.
Соғысқа, 20 қаңтарға, әскери қызметке немесе Чернобыль АЭС-індегі қызметке байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін:
І дәрежелі (81–100%) – 600 манат,
ІІ дәрежелі (61–80%) – 500 манат,
ІІІ дәрежелі (31–60%) – 400 манат.
Арнайы төлемдер:
«Отан соғысының қаһарманы» атағына ие азаматтарға – 2200 манат,
«Әзербайжанның ұлттық қаһарманы» атағына ие азаматтарға – 2000 манат,
Жеке президенттік зейнетақы – 1700 манат.
Біржолғы төлемдер:
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты – 600 манат,
Жерлеуге – 600 манат.
Кәмелетке толмаған мүгедек баланы қамқорлыққа алған отбасыға ай сайынғы жәрдемақы:
0–6 жас – 500 манат,
7–13 жас – 600 манат,
14–18 жас – 650 манат.
Мүгедектігі бар адамдарға ай сайынғы жәрдемақы:
І дәрежелі (81–100%) – 300 манат,
ІІ дәрежелі (61–80%) – 250 манат,
ІІІ дәрежелі (31–60%) – 180 манат.
Көру қабілеті бойынша І дәрежелі мүгедектігі бар адамдар үшін – 350 манат,
Көру қабілетіне қатысы жоқ І дәрежелі мүгедектігі бар адамдарға – 250 манат.
Басқа да жәрдемақылар:
Әрбір асырап алынған балаға – 240 манат,
Асыраушысынан айырылғандарға (әр отбасы мүшесіне) – 140 манат,
Бір жасқа дейінгі баласы бар аз қамтылған отбасыларға – 140 манат,
Бес және одан көп баласы бар аналарға (әр балаға) – 140 манат,
Шұғыл әскери қызметтегі әскери қызметшілердің балаларына – 140 манат,
Ата-анасыз қалған балалардың қамқоршыларына – 140 манат,
І дәрежелі мүгедектігі немесе мүгедек баласы барларға күтім жасаушыларға – 120 манат.
Құрметті атақ иелерінің зейнетақысы:
«Халық әртісі» атағы үшін – 300 манат,
«Еңбегі сіңген» атағы үшін – 200 манат.
Айта кету керек, 2024 жылғы 23 желтоқсандағы Президент Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың басынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері – 400 манатқа, ал ең төменгі зейнетақы – 320 манатқа дейін артты. Сондай-ақ, барлық зейнетақы түрлері 8,1% мөлшерінде индекстелді.
Жалпы алғанда, бұл әлеуметтік реформалар топтамасы 3 миллион адамды қамтиды. Олардың жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақылары мен стипендияларын арттыруға жыл сайын 1,4 миллиард манат бөлінеді.
Осыдан бұрын Әзербайжанда Каспий мен Қара теңізді жерасты туннелімен байланыстыру ұсынылды.