Азербайжанда жазғы уақытқа көшу тоқтатылды

None
БАКУ. ҚазАқпарат - Азербайжанда жазғы уақытқа ауысу тоқтатылды. Осындай шешімді елдің үкіметі қабылдады.

Наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнде ел аумағында сағаттың тілі бір сағатқа алға жылжуы керек болатын. Алайда биыл жазғы уақытқа көшу жасалмайды.

1997 жылғы Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша ел аумағында жыл сайын наурыз айының соңғы жексенбісінде жазғы уақытқа көшу жүргізілетін.

15 наурызда Әзербайжанның Ұлттық Ғылым академиясы елде қысқы және жазғы уақытқа көшуді тоқтату жөнінде ұсыныс көтерді. Басында үкімет бұл мәселе қаралмағанын жеткізді, алайда екі күннен соң жазғы уақытқа көшу тоқтатылатын мәлімдеді.