«Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Республикалық сейсмологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 ақпан күні 23:31-де Исмайыл ауданының аумағындағы Пиргулу стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағында 6 балға дейін, сол маңдағы аудандарда 5,3 балл тіркелді.
Зілзала салдарынан аумаққа келтірілген залал анықталып жатыр. Артынан толығырақ хабарланады», делінген хабарламада.