Әзербайжандағы президент сайлауы: ТМД бақылаушылар миссиясын кім басқарады

Әзербайжан президентін кезектен тыс сайлауда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атынан бақылаушылар миссиясын бас хатшы Сергей Лебедев басқарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Фото: e-cis.info

Сергей Лебедевтің үміткерлігі Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы ТМД елдерінің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің шешімімен келісілді.

ТМД бақылаушыларының миссиясы Әзербайжан Үкіметінің шақыруымен сайлау науқанына мониторинг жүргізеді. ТМД Атқарушы комитеті Достастық елдеріне өз өкілдерінің үміткерлерін миссия құрамына қосуды сұрап, шақыру жіберді.

Әзербайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін еске сала кетейік. https://kaz.inform.kz/news/2024-zhili-azerbayzhanda-kezekten-tis-prezident-saylaui-oted-3caa41/

Қазіргі уақытта президенттікке үміткерлер саны 17-ге жетті.

19 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ильхам Гейдар Оглу Әлиевтің кандидатурасын «Ени Әзербайжан» партиясының атынан Президент лауазымына үміткер ретінде тіркеді. Сондай-ақ ӘР Әлеуметтік зерттеулер орталығы басқармасының төрағасы Захид Орудж және ӘР Милли Меджлисінің VI шақырылым депутаты Рази Нуруллаев тіркелген болатын.

26 желтоқсанда талқылау мен дауыс беруден кейін ОСК президент сайлауына Сарван Керимов, Матлаба Муталлимли, Абуталыб Самедов, Фикрет Юсифов, Юсиф Багирзаде, Арзуман Абдулкеримов, Юнус Огуз бен Гуламгусейн Алибейлидің, ал 30 желтоқсанда өзін өзі ұсынған Намизада Гейдар оглу Сафаровтың үміткерлігін бекітті.

Әзербайжанда кейінгі президент сайлауы 2018 жылғы 11 сәуірде болған. Оның қорытындысы бойынша, мемлекет басшысы Ильхам Алиев 86,22% дауыс жинады. Яғни, оны 3 192 млн адам қолдаған. Сайлауға қатысу көрсеткіші - 74,51%, жалпы 3,959 млн адам дауыс берген.