Әзербайжандағы референдумда сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның ОСК «Сайлау» ақпараттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,8% дауыс берді. Сайлаушылардың жалпы саны 2 млн 833 мың 064 адам.

Еске сала кетейік, республикада сайлаушылардың саны 5 267 111 адамды құрайды. Ел Конституциясына өзгерістер енгізу үшін бүкілхалықтық дауыс беру 26 қыркүйекте сағат 08:00-де басталған және сағат 19:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясында сайлауды бақылау үшін 35 елдің 117 халықаралық байқаушысы аккредиттелді. Оның ішінде ПАСЕ және өзге де халықаралық ұйымдар бар. Бүкіл ел бойынша 5600-ден астам сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Байқаушылардың саны шамамен - 53 мың адам.

Дауыс беру үдерісін қысқамерзімді бақылау үшін Түркі тілді елдердің парламенттік ассамблеясына (ТүркПА) мүше парламент депутаттарының халықаралық миссиясы Әзербайжанға барды. Миссияны Қазақстан  Парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков басқарған болатын.