«Қ.Тоқаев жария еткен кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім жалпы халықтың Қазақстанда қарышты инновациялық дамуға арналған бағдардың жалғасатындығына сенімін нығайтуға бағытталған әрі талап етілген қадам екендігі шындық. Бұған қоса, Тоқаевтың өзі де елдегі жүзеге асырылып жатқан жобалар, сонымен қатар болашақпен байланысты мәселелер өзектілігі мен күшін сақтайтындығын түсінуге мүмкіндік бере отырып, бұл жайында айтты да», - деді шетелдік сарапшы.
Оның атап өтуінше, Қ.Тоқаев үндеуінде еске салған қоғамдық-саяси келісім барлық уақытта да Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие болып келді және бола да береді.
«Жалпы, ол барлық уақытта кез келген мемлекет үшін нөмірі бірінші міндет саналады. Оған қол жеткізу жолында сәтсіздіктер болмауы үшін табанды әрі жан-жақты сараланған бағдарламалық іс-қимыл қажет. Қазақстанның жаңа Президентіне Нұрсұлтан Назарбаев сияқты пассионарлы, табысты және көрнекті басшы болуға тура келеді. Елбасының жолын жалғастырушы сауатты басқарушының лайықты ізбасары болуға тырысуға мәжбүр болады. Бұл үшін жаңа Президентке креативті, қызықты жаңа идеялар мен бастамалар қажет. Ал бұл елдегі жүзеге асырылып жатқан реформаларға тың серпін беруге көмектеседі. Стандарттан тыс жобалардың көмегімен ғана алға қарай табысты ілгерілеуге болады», - деді Тофик Аббасов.