Әзербайжандық ЖОО қазақстандықтарға білім грантын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның университеті қазақстандық студенттерге білім грантын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжандағы Khazar University бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген Қазақстан студенттеріне жыл сайын 2 орын ұсынады.

Үміткерлерден жоғары академиялық үлгерім мен ағылшын тілін білу талап етіледі. Құжаттарды қабылдау 15 сәуірге дейін жүргізіледі.

Стипендия бір оқу жылы ішінде тегін оқытуды, академиялық үлгерім жоғары болған жағдайда бір оқу жылына ұзартуда көздейді. Тұру, тамақтану және жол жүру шығындарын студент көтереді.

Толық ақпаратты аталған университеттің сайтынан алуға болады.