AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, зымыран нысанға 2020 жылдың 11 қазанында сағат түнгі екі кезінде түскен.
Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың ол жерден 17 адамды алып шыққанын, оның 9-ы қайтыс болғанын хабарлайды.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жауапты ведомстволар қираған нысанның астында ешкімнің қалмағанын, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын жария етті.
Еске салайық, Әзербайжан мен Армения бұған дейін уақытша ұрысты тоқтату туралы келісім жасаған еді.