Ажар Асхат Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан кезекті күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз Ажар Асхат 70 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Рин Маэдамен кім мықтыны анықтады. Шиеленісті белдесуде Ажар қарсыласына есе жіберді.

Бүгін Нагояда 21 жастағы қазақ дзюдошысы татамиде Таиланд, Тайпей және Моңғолия спортшысын ұтты.

Осыған дейін Есмигул Куюлова екінші рет дзюдодан Азиаданың қола жүлдесін алған болатын.