«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналғанын, соның кесірінен азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылса да оларға медициналық қызметтерді толық көлемде көрсетілмей отырғанын атап өтті. Саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарап, біз мынадай іс-шараларды: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шығыстарын және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің медициналық сақтандыру жүйесіне аударатын жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау, қаражатты әкімшілендіруді оңайлату және оны тиімді пайдалану үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі пакеттерінің қаржылық шығынын біріктіруді заң бойынша реттеу іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен бірге ерікті медициналық сақтандыруды толық іске қосу үшін медициналық көмектің бағыттары, ерікті медициналық сақтандыру қаражатымен жабылатын қызметтердің тізбесі айқындалатын болады.
«Сондай-ақ, шетелдіктер, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттер үшін жүктелген медициналық сақтандыру заңнама бойынша бекітіледі және іске асырылады», - деді Ажар Ғиният.