«Науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 16 атауы бойынша екі айлық қоры қамтамасыз етілді. Ал емханалар мен амбулаторияларда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алынып, қор жасақталды. Бұл өз кезегінде 80 мың пациентке жеткілікті», - деді А. Ғиният.
Оның айтуынша, қосымша бірыңғай дистрибьютор қоймаларына 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынды.
«Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр»,- деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.
Үкімет басшысы Әлихан Смайлов әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.