Ажар Ғиният Қазақстанға қызылша қайдан келгенін айтты

Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде көбіне екпе алмаған балалар қызылша жұқтырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылшаның тарауы көп елде байқалып отыр, оның ішінде Қазақстан да бар. Жыл басынан 2 мыңға жуық бала қызылша жұқтырған. Олардың көбі екпе алмаған балалар, сонымен қатар сырттан алып келді. Балалар алыс-жақын шет мемлекеттерге демалысқа барады. Індетті ушықтырмау мақсатында қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналарымен профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ министр қызылшаның қандай елдерден келгенін айтты.

«Жыл басында қызылша жұқтыру Түркия мен Ресейден келгендерден тіркелді. Кейін оның тарауы арта бастады. Өңірлер бойынша Астанада жоғары», - деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, кеше елордаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталғаны туралы хабарлаған едік.